Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Латын әліпбиі-рухани тәуелсіздік» тақырыбында зиялы қауым мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел

Аудандық орталық кітапханада «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің жаңа белесі» жобасы аясында «Латын әліпбиі- рухани тәуелсіздік» тақырыбында зиялы қауым мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Мақсаты:Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Күн тәртібінде: қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева «Уақытпен үндескен жаңғыру» тақырыбында отырысты насихаттау шарамыздың мақсатын түсіндіріп, Латын әліпбиінің тарихына тоқталып өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы туралы айтып, баяндама жасап отырысты насихаттау шарамыздың мақсатын түсіндіріп, Латын әліпбиінің тарихына тоқталып өтті. Аталмыш бағдарламалық мақаласында айтылған қазақ тілін латын әліпбиіне біртіндеп көшіру жобасы туралы айтып, қазіргі таңдағы басты мәселе латын әліпбиі жөнінде әр адам оз ойын ашып айтқаны дұрыс деп дөңгелек үстел отырысына шақырылған қонақтарды таныстырды.

Кеш қонақтары: Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Бектенбайұлы Рахымбай, «Агро Шоқай» шаруа қожалығының төрағасы, Қоғамдық негізде Жамбыл ауданы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры» фронт-офисінің директоры Пірімқұлов Сембек Шайхыұлы, жергілікті қаламгер Сансызбай Бертайұлы, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының консультанты Кикбаев Бақытжан Ержанұлы қатысты.

Кештің негізгі бөлімінде «Латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары» тақырыбында әңгіме өрбітіп, ежелдегі тайпа, рулардың кейбір сөздерінінің шығуы,  дыбыстардың қалай өзгеріске ұшырағаны жайлы айтылып, «Не үшін латын әрпіне көшу керек?», «Латын әрпіне көшуге қарсылық неден?» деген қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға да түсінікті, толық жауап беруге кеш қонақтары тырысты.

Сонымен қатар, «Латын әліпбиі – рухани жаңғырудың негізі» атты бөлімінің ашық қарауға шолу жасалып, «Латын әліпбиі – тіл тазалығының кепілі» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды. Кешті Сансызбай Бертайұлы қорытындылады.

Нәтижесінде: Ел болып, еңсе көтеріп, Еркін рухтағы әліпбиімізді өмірге енгізуде ерен екпінмен еңбек етуіміз керектігі насихатталды.