Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітапхана және оқырман» атты отбасылық оқырман байқауы

«Оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітапхана және оқырман» тақырыбында отбасылық оқырман байқауы өтті.

Мақсаты: Отбасылық құндылықтары мен отбасының беделін көтеру, өскелең ұрпақты  кітап оқуға баулу, ата-аналарын құрметтеу, кітапханаға оқырман тарту.

Іс – шараның бет пердесі белгілі сазгер Б. Тәжібаевтың «Туған жер» әнімен ашылды.

Байқаудың әділ қазылар алқасы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оспанова Жансая Жолтайқызы, «Аса аялы алақан» қоғамдық қорының мүшесі - Сатова Роза Өзбенбекқызы, «AMANAT» партиясының сектор меңгерушісі Уатаева Гүлмира Іздібайқызы, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы, Шұғыла - Радуга газетінің тілшісі - Қуатова Айдана Еркінбекқызы қатысты.

Байқауға алты отбасы қатысты. Олар: Кәрімовтар отбасы, Әмзеевтер, Амировтар отбасы, Ормахановтар отбасы, Өміралиевтер отбасы, Махамбетқұловтар отбасы додаға түсті. Байқау үш бөлімді қамтыды.

  • «Біз оқырман отбасы» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы

  • «Біз өнерлі отбасы» өз өнерлерін көрсету (ән, би, қол өнер)

  • «Біздің ең жақсы көретін кітабымыз» отбасы мүшелерінің халық ауыз әдебиетінен (ертегілер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар) үзінді сахналау

Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сүрінбей өтті. Тағылымы мол іс - шараны Роза Өзбенбекқызы мен Аида Қуанышқызы қорытындылады.

Әділ қазылардың шешімімен барлық отбасына Алғыс хат пен бірдей сыйлықтар табысталды.