«Туған өлкенің мерейтой иелері» әдеби сазды кеш.
Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен кітап оқу белсенділігін арттыруға бағытталған «ОҚИТЫН ҰЛТ» республикалық жобасының «Әдеби өлкетану» бағыты бойынша «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» кітапханалық жобасы аясында Мойынқұм аудандық орталық кітапханасында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің күндері өтті. Іс- шара Керей хан мен Жәнібек ханның ескерткіштерін таныстырудан басталып, екі мәрте Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың ескерткішіне гүл қойылып, аудандық музей таныстырылды.
Бағдарламаға сәйкес аудан күндері Мойынқұм аудандық мәдениет үйінің фойесінде Жамбыл ауданы кітапханашылары ұйымдастырған «Өлке қаламгерлерінің туындылары» тақырыбындағы кітап көрмесінен басталып, сахна төрінде «Туған өлкенің мерейтой иелері» әдеби сазды кешімен жалғасты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/331-tu-an-lkeni-merejtoj-ieleri-debi-sazdy-kesh.html#sigFreeId5c07016df0