Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

С.Қалиұлы байқау

Сұлтан Қалиұлының  туылғанына 80 жыл толуына орай «Балаларға балдай жыр арнаған ақын» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы.

Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен  жергілікті балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының  туылғанына 80 жыл толуына орай «Балаларға балдай жыр арнаған ақын» атты аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Мақсаты: Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында мәлімет беру. Оқушылардың өлеңдерін мәнерлеп  оқу дағдыларын жетілдіру. Ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау.

Кеш шымылдығы Мұқан Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің домбырашыларының орындауында Құрманғазының  «Адай» күйімен ашылды.

Алғашқы сөз кезегін қоғам белсендісі,  ардагер журналист Махамбетқұлов  Сансызбай   Бертайұлы алып, балалар ақыны Сұлтан Қалиев жайлы естеліктермен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік жолдады.

Аудандық мәнерлеп оқу байқауы 4 кезеңнен тұрды.

«Мен тұратын өлке» бөлімінде сайыскерлер өздерін және өлкелерін  таныстырса, «Сұлтан Қалиев – балалар әдебиетінің көрнекті ақыны» кезеңінде ақынның өлеңдерін сахналық қойылым арқылы көрсетті. «Жұмбақ шешіп, ой дамыт» бөлімінде балдырғандар  жұмбақтар шешті. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңінде ақын   Сұлтан Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап  берді.

Нәтижесінде: 8-10 жас аралығындағы қатысушылар арасында Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Мұқашхан Алдиярхан  І жүлделі орынды  иеленсе, ІІ орынды Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейдін 4 сынып оқушысы Тоқтарқызы Балсезім қанжығаласа, Жұма бастауыш мектебінің 3 сынып оқушысы Садыкова Жасмин  ІІІ орынды қанағат тұтты.

11-12 жас аралығындағы  қатысушылар арасында Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 6 сынып оқушысы  Жанабек Бақкелді І орынға табан тіреді.

ІІ орынды Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Талғат Айзере және ІІІ орынды Айша – бибі орта мектебінің 5 сынып оқушысы  Қалман Айерке  иеленді.

Жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтармен қатар, қатысушыларға «Алғыс хат» және  ынталандыру сыйлықтары   тапсырылды.

Іс – шара соңында   ақынның  өмірі мен шығармашылығына арналған «Балалармен сырласқан сырбаз ақын» тақырыбында  кітап көрмесіне кітапханашы Қайыпназарова Гүлшат библиографиялық шолу жасап таныстырды.

Кешті қорытындылаған аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Шолпан Тулепбергенова жеңімпаздарды құттықтап, белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.