«Туым – намыс, ұраным – бірлік, рәміздерім- мақтанышым»
ҚР Мемлекеттік Тудың авторы, көрнекті суретшісі Ш.Ниязбековтің туғанына 85 жыл толуына орай «Туым – намыс, ұраным – бірілік, рәміздерім- мақтанышым» атты тақырыпты кеш жастар арасында өтті.
Мақсаты: ҚР Мемлекеттік Тудың авторы, көрнекті суретшісі Ш.Ниязбеков жөнінде білімдерін қалыптастырып, оның әйгілі туындыларын насихаттау.
Іс-шараны оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева кіріспе сөз арқылы ашып, кеш қонақтарымен таныстырды. Олар: Қоғам белсендісі, ардагер журналист Сансызбай Бертайұлы, жастар орталығының ұйымдастыру , дін мәселелерін талдау және жастарға кеңес беру бөлімінің басшысы Балажанов Фархат.
Кеште, оқу залының кітапханашысы Ләйлә Есмурзаева қабылданған қыран бейнелі көкшулан туымыздың авторы — Шәкен Ниязбековтың өмір жолы, шығармашылығы, марапаттары , еліміздің рәміздерінің тарихымен таныстырды.
Отанды сүйіп өту кімге де болсын парыз әрі қасиетті міндет. Яғни туған анаңа, туған жеріңе деген махаббат Отанға деген махаббатқа ұласады. Отанды оның ұрпақтан – ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлері, кең даласы мен асқар таулары, сарқырап аққан өзендері мен айдын көлдері үшін де жақсы көруге болады. Туған елге деген жұдырықтай жүрегі сол шексіз махаббат елің үшін елеулі бір еңбек жасауға алып келеді. Қазақ халқының біртуар ұлы, еліміздің мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбековті осындай тұлға деуге негіз бар-деп, Сансызбай Бертайұлы жастарды ірі тұлға болуға шақырды.
Мәдениет үйінің әншісі Саржанов Мағжанның «Көк тудың желбірегені», «Ауыл», Юрий Гагарин атындағы мектеп – лицейінің 10 «Ә» сынып оқушысы Урдаева Армананың «Алтын бесік» әндері жастарға көтеріңкі көңіл сыйласа, Б.Момышұлының мектеп – гимназисының оқушылары Елтаңба ,Ту, Отан туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып, шараның шырайын ашты.
Сондай-ақ, «Шеберлік шыңына шыққан» тақырыбында кітап көрмесіне балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Мамашариева Ақерке библиографиялық шолужасады. Нәтижесінде: 63 адам қатысып, 7 кітапханамызға жаңадан тіркелді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/333-sh-ken-niyazbekov.html#sigFreeId66c0367e47