Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітап - рухани құндылық!» кітап апталығы мәліметі

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Орталық алаңда «Кітап - рухани құндылық!» кітап апталығы өтті.

Мақсаты:Рухани құндылықтарымызды дәріптеп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуды ілгерілету. Аудан тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, кітапханамен қоғамның арасындағы байланысты нығайту. Кітапхана қорындағы кітаптарды насихаттау және оқырман тарту.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасындағы кітапханаларға оқырмандарды тарту және кітап оқуды насихаттау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын, «Оқитын ұлт» республикалық жобасын іске асыру, оқырмандардың кітап оқу белсенділіктерін жоғарылату мақсатында Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 2023 жылдың 17-21 шілде күндері аралығында ұйымдастырылатын «Кітап - рухани құндылық!» кітап апталығы ұйымдастырылады.

Кітап апталығында Сіздерге:

1-ші күні «Кітап көрмесі»; 2-ші күні- «Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар» ұранымен балаларға арналған спорттық ойындар, сайыстар; 3-ші күні мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа беруге бағытталған «Әжемнің ертегілері» ертегілер оқу, тыңдау шарасы; 4-ші күні туған өлкеміздің белгілі ақын-жазушысымен «Мен жазбаймын кітапты ермек үшін...» қонақжай сұхбаты және 5-ші күні кітапханашылар мен оқырмандардың «Жандары жарқын, талғампаз талант иелері» жыр-шашуы тарту етіледі.

2023 жылдың 17-21 шілде күндері аралығына кітапханаға оқырмандарды тарту мақсатында «КІТАП-РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ» кітап апталығы өтті. Кітап апталығының бірінші күні Орталық алаңда кітап көрмесін аудан жұртына таныстырудан басталды.

Кітап апталығы кітапхана-кітап оқуға қолдау көрсететін әлеуметтік-мәдени шара.Іс-шара барысында «Кітап – сарқылмас рухани әлем» төрт бөлімнен тұратын кітап көрмесі ұсынылды.

1 бөлім- «Бір ел-Бір кітап» республикалық акциясына байланысты

2 бөлім- Өлкенің ақын-жазушылары

3 бөлім- Салт-дәстүрлер

4-бөлім- Балалар әдебиеті

Жаңа түскен әдебиеттерге Ашық қарау

Сонымен қатар, келушілер арнайы тақырыптар бойынша көркем безендірілген, терең мазмұнды кітап көрмелері мен ашық қарауларға қызығушылық танытып, танысты. Нәтижесінде: 55 адам қатысып, 35 оқырман кітапханаға жаңадан тіркелді.