Аудандық орталық кітапхана аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Орталық алаңда «Кітап - рухани құндылық!» тақырыбында «Жүзден жүйрік-мыңнан тұлпар» cпорттық ойындар, сайыстар
КІТАП АПТАЛЫҒЫНЫҢ 2-ші күні өтті. Іс-шара барысында спорттық, қимыл-қозғалыс ойындарымен жалғасты. Іс - шара шымылдығын Айдана балақшасы «Бәйтерек» тобының балдырғандары Бекәділ Айтбек, Бекәділ Жанәділ «Мен қазақпын» әнімен ашылды.
Қатысушылар «Қыран»және «Жігер» командасы болып бақ сынасты.
«Әріпке сай жауап бер?» ,« Қол күрес», «Әріппен сөз құрау», «Арқан тартыс», «Сурет арқылы ертегіні тап?» бөлімдері бойынша сайысқа түсіп, көрермен көзайымына айналды. Көрермендермен «Қолтырауын» ойыны ұйымдастырылып, жұмбақтардың шешімін тапты
«Айдана балабақшасы «Жұлдыз» тобы балдырғаны Нариманқызы Асылым «Жұлдыз боламын» әнімен көп ықыласына бөленді.Балалар ойын ойнап, ән салып күнді көңілді өткізді. Нәтижесінде: 80 адам қатысып, 25 оқырман кітапханаға жаңадан тіркелді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/335-zh-zden-zh-jrik-my-nan-t-lpar-sportty-ojyndar-sajystar.html#sigFreeId306da7b006