Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Әжемнің ертегісі»

Аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап - рухани құндылық» тақырыбында кітап апталығының үшінші күні «Айдана» балабақшасының балдырғандарының орындауында «До, ре, ми» биімен іс – шара ашылды. 

«Әжемнің ертегісі» бөлімінде Шынараның әжесі балаларға арнап «Алтын асық» ертегісін әңгімелеп берсе, Ғалия әжей қолөнер, ою түрлері мен жасалу жолдарын түсіндірді.

«Айдана» балабақшасы бүлдіршіні Қаратаева Эльнура «Ата, әже» әнін көпшілікке, ата – әжесіне арнады.

Сонымен қатар, балалар «Үйшік» ертегісін тамашалады. Ертегі кейіпкерлері де балалармен бірге көңілді би биледі. «Жұмбақ шешіп, ой дамыт» бөлімінде балалар жұмбақтардың шешімін тауып, сыйлықтарға ие болды. Сондай – ақ балаларға тәттілер мен сусындар таратылды.

Іс – шара өте қызықты және көңілді өткізілді.

Нәтижесінде: 67 бала қамтылды