Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Жандары жарқын, талғампаз талант иелері» Жыр-шашу атты КІТАП АПТАЛЫҒЫНЫҢ 5-ші күні. Жыр шашу Шайдана ауылдық кітапханасының орындауында "Жаңа күн" әнімен басталды. Кеш барысында Өлкеміздің ақындары Базар Қилыбаев, С.Әлімқұлов, Байтанағали Төлентаевтың, С.Қалиевтың өлеңдері оқылып, әндері айтылды. Гүлмира Байболованың орындауында С.Әлімқұловтың "Ұмытып кетпе мені" әні көпшіліктің көңілінен шықты. Кештің шырайын Марат Нұргелді "Сенің анаң алтын" әні, Еламан Әлия "Саржайлау" әнін шырқады. Нәтижесінде: 28 оқырман келіп, 10-жаңа оқырман тіркелді.
View the embedded image gallery online at:
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/338-zhandary-zhar-yn-tal-ampaz-talant-ieleri-zhyr-shashu.html#sigFreeId952d0e3e7e
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/338-zhandary-zhar-yn-tal-ampaz-talant-ieleri-zhyr-shashu.html#sigFreeId952d0e3e7e