Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Төлеген Байсүгіровтің «Өмір иірімдері» кітабының тұсаукесері

Аудандық орталық кітапханасында Төлеген Байсүгіровтің «Өмір иірімдері» кітабының тұсаукесеріне арналған кеш өтті.

Мақсаты: Төлеген Байсүгіровтің кітабымен кеңінен таныстырып, кітаптың ішкі мазмұнын ашып, оқырмандарды қызықтыру. Жазушының тәлім-тәрбиелік ойларынан жарық көрген кітабын насихаттау.

Іс- шара "Барып қайт, балам, ауылға" атты әнімен жыршы- термеші Жақсылық Қалтешовтің орындауында ашылды. Бүгінгі жаңа кітаптың авторы, кеш қонағы Т. Байсүгіровтің «Өмір иірімдері» атты кітабының тұсаукесер рәсімін Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бегалиев Рүстем Әлішұлы және Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сырлыбаев Бақыт Уәлиұлы атқарды.

"Өмір иірімдері" атты кітапқа библиографиялық шолу жасалды. Т. Байсүгіровтің «Өз тілім- менің өзегім», «Абайша айтқанда» өлеңдерін кітапхана қызметкерлері жатқа оқып берді.Тұсауы кесілген жаңа кітаптың ішіндегі туындыларға кеш қонақтары "Агро Шоқай" шаруа қожалығының төрағасы, Жамбыл ауданы бойынша "Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы және Отандастар қоры" фронт- офисінің директоры С.Пірімқұлов, Мұқағалитанушы ақын Т.Қожамұратов, Алдабергенов Қожамқұл өзіндік талдау жасап, пікірін білдірді.

Әлішер Оразбаевтың орындауында "Менің мынау тіршілікке таңым бар" әнімен кеш қорытындыланды.

Кеш соңында Т. Байсүгіров келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.