Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 5 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай «Қазақстан халқының тілдері» атты жастардың қатысуымен ашық сұхбат алаңы өтті.
Мақсаты: Жастарға ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеуге бағыттау.
Іс- шара барысында «Тілдер күні» бейнематериал көрсетілді. Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева кешті ашып берді .
ҚР мемлекеттік гимн орындалды.
Кеш қонағы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Анарбай Тұрсынхан Серікханұлы қатысты.
Ашық сұхбат алаңында жүргізуші «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбында баяндама оқылды.
«Тіл- әдебиетіміздің бастауы» бөлімінде жастармен сауал бізден, жауап сізден сағаты жүргізілді.
Қазақ тілін сақтап қалуда әлеументтік желілердің пайдасы мен зияны қандай? Мемлекеттік тілді қалай дамытуға болады? Жастардың тілі шұбарланып дамып келе жатқаны белгілі, осыған қалай тосқауыл қоюға болады? Қазақ тілінің өсіп өркендеуіне тіл мамандары қандай үлес қосуда? - сияқты көптеген көкейтесті сауалдарға Тұрсынхан Серікханұлы, Мақсат Әуезов, Фархад Балтаев, Сабденбекова Аяла сынды жастарымыз орамды жауаптар айтты. Кеш қонағы Т. Анарбай көптеген мағлұматтар келтіре отырып, мемлекеттік тілімізді құрметтеуге, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуге, тіліміздің мәртебесін көтеруге шақырып, қатысушылармен еркін форматта өз ойларын ашып айтып, пікірлерімен бөлісті.
Кеш соңында «Ана тілім-ажарым, асыл мұрам» атты кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Балқыбекова Асем таныстырып, шолу жасады. Аталмыш көрмеге кітапхана қорындағы тіл тақырыбына қатысты кітаптар ұсынылып, библиографиялық шолу жасады.
«Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.