Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Отбасым – бақыт мекенім» атты өнеге кеші

10 қыркүйек-Отбасы күніне орай, үлгілі отбасын өнеге ету мақсатында Юрий Гагарин атындағы мектеп- лицейінің 10"Ә" сынып оқушыларының қатысуымен «Отбасым – бақыт мекенім» атты өнеге кеші өтті.

Мақсаты: Ауылдың үлгілі отбасын құрмет тұтып, таныту, келер ұрпаққа өнеге ету. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, қазақтың отбасылық тәлім-тәрбиесін дәріптеу.

Іс- шара барысында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ә.Балқыбекова кіріспе сөзбен ашып, «Отбасы құндылығы» атты бейнематериал көрсетілді.

Қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Сулейменова «Отбасы» деген ұғымға талдау жасай отырып, «Сұрақ бізден, жауап сізден» деп аталған кезеңде кешке келген жастарға отбасы туралы сұрақтар қойып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар берілді.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Шағырбаев «Асыл жарым» әнін орындап, көпшілік көңілінен шықты.

«Менің отбасым – менің байлығым» деп аталған кезеңде шаңырағы шаттық пен қуанышқа толы мерейлі, өнегелі Амировтар отбасы өздерінің жанұясы туралы айтып берді.

«Ризамын» әнін жыршы- термеші Ж.Қалтешов орындады.

«Конверттегі хат» атты блиц-турнир жүргізілді. Кеш соңында қонақтарға сый-құрмет көрсетілді.