Жамбыл аудандық кітапханасының ұйымдастырумен Гродеково ауылдық мәдениет үйінде көрнекті жазушы, қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, көркем сөздің шебері, драматург, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қоғам қайраткері Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Кемел қаламгер» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Мақсаты: Оқырмандар назарын ұлттық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан көрнекті тұлғаға аудару. Драматург, жазушы Кемел Тоқаевтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру.
Конференция спикелері:
1.Кемел Тоқаев. Жамбыл облысы тарихында» атты кітабының авторы, Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің директоры, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы
2.Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам белсендісі Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы
3.Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп- гимназияның қазақ тілі және әдебиетінің мұғалімі Байкеева Самал Оңғарбайқызы
4.Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Шолпан Тулепбергенова
5.Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Ақерке Мамашариева
Іс- шара аудандық Өнер мектебі ұстаздарының орындауында Ә. Желдібаевтың «Еркесылқым» күйімен бастау алды. Оқырман конферециясын қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Г.Сулейменова кіріспе сөзбен ашып, спикерлермен таныстырды. «Өнегелі өмір» бейнеролик көрсетілді.
Спикерлер сөз сөйлеп болған соң, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері Сарсен Күзербаев, Сембек Пірімқұлов, Гродеково ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы Шынарбек Анетқұлов жарыссөзге шығып, бүгінгі өткен іс- шара туралы ойларын ортаға салды.
«Түркі әлемінің детектив жанрының дарабозы» тақырыбында Кемел Тоқаевтың шығармаларынан ұйымдастырылған кітап көрмесін оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева таныстырды. Кемел Тоқаев қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиғалы, детектив жанрының негізін қалап, өмірінің соңғы күндеріне дейін осы салада адал қызмет етті. Қазақ прозасындағы қайталанбас кейіпкерлері біздің бүгінгі ұлттық тәуелсіздігімізді баянды етіп, Қазақстанның гүлденіп, өркендеуіне ықпал етер жас буынға тағылым, тәрбие береді.
Нәтижесінде туған халқының мақсат-мұраты үшін, ертеңгі нұрлы болашағы үшін адал еңбек еткен жазушыны үлгі етіп, жастардың кітапқа деген қызығушылығы артты. Іс- шараға 72 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/342-kemel-alamger-atty-o-yrmandar-konferentsiyasy.html#sigFreeId39b60dd586