Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Сіздің салаңыздағы жаңалықтар» мамандар  күні

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы мектеп гимназиясының 11 «Ә» сынып және №1 мектеп оқушыларының 9 сынып оқушылары арасында «Сіздің салаңыздағы жаңалықтар» атты мамандар  күні өтті.          

Мақсаты: Оқырмандардың  өзі таңдайтын мамандық  туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.

Кеш қонақтары:  Қаракемер ауылдық округінде «Ауыл аманаты»  пилоттық жобасымен несие алған жеке кәсіпкер Тоқбергенов Еркін Белғожаұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «№ 17 Жамбыл колледжі» КМҚК Арнайы пән оқытушысы Сапарбаев Нұрбек Абибуллаевич, «Alem» кәсіби білім беру колледжі  арнайы техникалык пәндер мұғалімі Шапауова Сабира Айтжанкызы және медицина мамандығының оқытушысы Усипбаев Мирамбек.

Іс-шара барысында кітапхана библиографы М.Кулшимбаева жүргізіп, мамандық таңдау бойынша кіріспе сөзбен ашып, «Мамандығым-  мақтанышым» атты бейнематериал ұсынылды. 

Іс-шара барысында мамандық жайында ой-қозғалып, кеш қонақтарына сөз беріліп, ойларын ортаға салды. Өздерінің мамандық таңдау жолындағы қызықты жайттарды баяндап, жастарға кәсіптік бағыт- бағдар берді.

Кеш барысында қонақтарға арнайы ұйымдастырылған мамандық таңдауда адамның шоқжұлдыз сипаттамасы ұсынылды және психологиялық тренинг “Психогеометрия”- өзін- өзі тану ойынын жүргізілді. «Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп Мұқағали  Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі екені, жастардың дұрыс таңдау жасау керектігі жайлы кеңес берілді.