Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын отбасы» тақырыбында отбасылық оқырман байқауы өтті.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтары мен отбасының беделін көтеру, өскелең ұрпақты кітап оқуға балу, ата-аналарын құрметтеу, кітапханаға оқырман тарту.
Іс – шараның бет пердесіy «Ұшқан ұя» әнімен ашылды.
Байқаудың әділ қазылар алқасы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жаманқұл Аяулым Нүркенқызы, «Ардагерлер» кеңесінің мүшесі Күзербаев Сәрсен аға, Жамбыл ауданының мемлекеттік архивінің басшысы Күлекеева Келсінкүл Жұмалитқызы, Аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Төлепбергенова Шолпан Сайранбекқызы, Шұғыла-Радуга газетінің тілшісі Асанов Жәнібек қатысты.
Байқауға он отбасы қатысты: Әділбаевтар отбасы,Төлебековтер отбасы, Жұмабековтер отбасы, Оразаевтар отбасы, Амировтар отбасы ,Ергешовтар отбасы, Ибрагимовтар отбасы, Жақсылық отбасы, Қуанышбековтер отбасы, Сейтжапаровтар отбасы додаға түсті.
Байқау төрт бөлімді қамтыды.
- «Біз оқырман отбасы» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы
- «Біз өнерлі отбасы» өз өнерлерін көрсету (ән, би, қол өнер)
- «Біздің ең жақсы көретін кітабымыз» отбасы мүшелерінің халық ауыз әдебиетінен (ертегілер, аңыз әңгімелер, эпостық жырлар) үзінді сахналау
- «Біз тапқыр отбасымыз» салт-дәстүрге арналған сұрақ-жауап (3мин)
Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сүрінбей өтті. Байқауда кітапхана оқырманы Еламан Әлия «Астана», «Саржайлауым» әндерін шырқаса, Ерген Исламның орындауында «Ұстазым», Ораз Бақдәулет «Науызқы» күйін, "Ұшқан ұя", «Туған жер» атты әндер кітапхана қызметкерлері орындауында көпшіліктің көңілін көтерді. Тағылымы мол іс-шараны Сәрсен Күзербаев , Келсінкүл Жұмалықызы , Шолпан Сайранбекқызы қорытындылады.
Әділ қазылардың шешімімен Бас жүлде Шайқорық ауылдық кітапханасының оқырманы Оразаевтар отбасы, І орын Бектөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Ергешовтар отбасы, ІІ орын Ш.Ниязбеков ауылдық кітапханасының оқырманы Әділбаевтар отбасы, ІІІ орын Гродеково ауылдық кітапханасының оқырманы Ибрагимовтар отбасы және
ІІІ орын Шоқай ауылдық кітапханасының оқырманы Сейтжапаровтар отбасы иеленіп, Дипломдар мен жүлделі сыйлықтармен марапатталды. Түрксиб ауылдық кітапханасының оқырманы Жақсылық отбасы, Жұма ауылдық кітапханасының оқырманы Төлебековтер отбасы, Аудандық орталық кітапханасының оқырманы Амировтар отбасы, Жалпақтөбе ауылдық кітапханасының оқырманы Қуанышбековтар отбасы, Тоғызтарау ауылдық кітапханасы оқырманы Жұмабековтер отбасыларына арнайы Дипломдар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды. Байқауға дайындаған ауылдық кітапханашыларға Алғыс хат берілді. .
Нәтижесінде: Байқауда отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін және отбасы құндылықтарын насихаттай отырып, ата-ана мен бала қарым-қатынасын жетілдіріп, үлгілі отбасыларды көпшілікке паш етіп және отбасылардың татулығын арттыруға қолдау көрсетілді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/345-kitap-o-ityn-otbasy-otbasyly-o-yrman-baj-auy.html#sigFreeId86637bac45