Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ащыбұлақ ауылдық кітапханасында «Туған жердің тарландары» атты әдеби - сазды кеш ұйымдастырылды.
Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Жамбыл облыстық әмбебап - ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Елеусізқызы және Гүлайым Әбілдаева қатысты.
Іс-шара "Шашу" биімен ашылып, жергілікті танымал айтыскер ақын Айтмұханбет Исақовтың орындауында "Арнау" жырымен жалғасты.
Сазды кеште өлкеден шыққан қаламгерлердің шығармалары насихаттай отыра , кітапхана оқырманы Ә.Назаралы "Әкім Тарази" туралы эссе орындап, жазушы Әкім Таразидың "Ақын, періште, махаббат" драмасынан үзінді көрсетілді. Балалар ақыны Сұлтан Қалиев пен жергілікті қаламгер Нұрмахан Тілегеновтің өлеңдерін кітапхана оқырмандары мәнерлеп жатқа оқыды.
Кеш барысында «Қазағым», «Пай-пай», "Ащыбұлақ ауылым", "Туған ел" әндері шырқалып, «Өлке қаламгерлерінің жауһар туындылары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/347-e-zdik-auyldy-kitapkhana-oblysty-baj-auy-azynaly-tty-meken-zhambyl-audanynda-tti.html#sigFreeId601791b026