Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауы

7.11.2023ж. Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген «Ерекше кітаптар әлемі» жобасы аясында «Саусақ ұшындағы инклюзия» республикалық байқауы өтті.
Байқауға Алматы, Ұлытау, Кызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе облыстарынан 100-ден астам жұмыстар ұсынылды. Байқау екі бағыт бойынша жүргізілді. 1-ші бағыт бойынша зағиптарға арналған "Тактильді кітаптар", екінші бағытта "Бедерлі суреттер" ұсынылды.
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Зағип және көзі әлсіз көретіндер бөлімінің кітапханашысы Уркумбаева Айгерім Маратқызының дайындаған "Жеті қазына" тактильді кітабы бас жүлдені иеленді. Ал, екінші бағыттағы "Жайлау" бедерлі суреті 2-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.