Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Үздік ауылдық кітапхана - 2023» Облыстық байқауының жеңімпазы ащыбұлақ ауылдық кітапхана.

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқау ережесіне сәйкес өңіріміздің 10 ауданы өз аймағындағы ең үздік деп танылған ауылдық кітапханаларын облыстық кезеңге ұсынып, осы ұсынылған ауылдық кітапханаларды әділқазылар алқасының мүшелері аралап, ішкі жұмыстары, атқарып жатқан қызметтерін жан-жақты зерделеп, көрсетілім іс-шараларын бағалаған болатын.

Нәтижесінде Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылдық кітапханасы «Үздік ауылдық кітапхана - 2023» облыстық байқауының Бас жүлдесін иеленді.  ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!