Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» акциясы аясында ақын Шырын Мамасерікованың шығармаларына арналған «Өлеңімнің әр жолы-өмірбаян» тақырыбында Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының 10 «Ә» сынып оқушылары арасында поэтикалық марафон өтті.
Мақсаты: Жастарға ақын Шырын Мамасерікованың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, оның шығармашылығын дәріптеу, өзіндік ерекшеліктерін, ақынның туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін, жетістіктерін насихаттау.
Поэтикалық марафонды қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева «Ақын- елдің ардағы» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.
Аталмыш шара «Халық сүйген ақын» бөлімінде ақынның өмірдерегі таныстырылып, «Жыр жүрегіндегі жазулар» тақырыбында ардақты ақын Шырын Мамасерікованың шығармаларын қатысушыларға оқыттық. Атап айтсақ, Дәуренқызы Айжан «Мерейлі Меркі» және «Ақын ана», Алихан Айгүл «Өлең құдіреті», «Қазақтар», Үшкемпір Илияс «Өзі-Жібек, өлеңі –өткір ақын», Шотан Жұлдыз «Жамбыл мен Кенен», Нұрғазы Ұлдана «Жыр алыбы Жамбылға», Дүйсенбай Жанерке «Жырдың пірі-Махамбет», «Бозторғай», Файзулла Сәкен «Жыр шашу», Тұрар Алдияр «Алтын күрек», Сайлаубек Алинұр «Сыпатай батыр Күмбезіндегі у-шу немесе Оспан ата монологы», Қасым Лашын «Таңғы тілек», Ырысбек Жанболат «Болмасын соғыс», Наурызбай Анель «Көне Тараз», «Поэзия патшасы», Қайратұлы Нұртас «Ардагер» атты жыр шумақтарын нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Кешке арнайы ұйымдастырлған «Ақын жыры-жан сыры» ашық қарау, «Жүрегі жырымен тербелген»слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: Ақынның өмірдерегі мен шығармалары көпшілікке насихатталды. Іс-шараға 18 адам қамтылып, ашық қарауға қойылған 14 әдебиеттер толық қаралып, 3 оқырман кітапханаға жаңадан тіркелді.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/353-el-bolyp-o-imyz-aktsiyasy-ayasynda-a-yn-shyryn-mamaserikova.html#sigFreeId1e1a4308da