Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Сәкен Жүнісов - туғанына 90 жыл толуына орай «Ақан сері» шығармасы бойынша кітап бенефисті

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен  Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, драматург Сәкен Жүнісов - туғанына 90 жыл толуына орай «Ақан сері» шығармасы бойынша кітап бенефисті мекеме қызметкерлері  арасында өтті.

Мақсаты: Сәкен Жүнісовтің өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Шығарманың мазмұнын толық меңгерту танымдық тапсырмалар беру арқылы, өз ойларын   тұжырымдап жеке, топта айта білуге, ізденуге, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын ірікпей еркін айтуға дағдыландыру

Бенефис кешін  кітапханашы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, «Сәкен сері» бейнеролигімен өмірбаянын таныстырды. Іс- шараға «AMANAT» партиясы Қоғамдық бірлестігінің Жамбыл аудандық филиалы, Жамбыл ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» және Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық- зомбылық құрбандарына әлеуметтік  кеңес беру орталығының  қызметкерлері қатысты.   

Іс-шара барысында «Кітап», «Жазушы» топтарына бөлініп  түрлі – түсті қағаздан жасалған теріс қаратылған әріптерді оқырмандар таңдап алып, сөздер құрастыру арқылы оқырмандар екі топқа бөлініп , постер жасап, топ болып шығып қорғады. Сонымен қатар үстел үстіне үрленген шардың ішіне жазушының өмірдерегінен сұрақтар салынып әр топ сол шарды жарып сұрақтарға жауап берді. Кеш соңына «Сәкен сері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап,таныстырылды. Кеште «Сәкен серінің өнегелі ғұмыры» слайд көпшілік назарына ұсынылды.