Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

Жоба «Оқу залының лидері»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқу залының лидері»

интеллектуалдық сайысы Бауыржан Момышұлы мектеп- гимназиясының 10- сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері ЖАОКЖ директорының орынбасары Қ.Байкеева, Б.Момышұлы мектеп- гимназиясының кітапханашысы Р.Сәрсенбаева, АОК библиографы М.Құлшымбаева және сайыста бақ сынайтын үміткерлер Дәулетхан Динара, Мұғал Айнұр, Ешназар Ақниет, Тұрдыбек Жасминді таныстырды.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды.

I – «Бәйге»

II – «Жорға»

III – «Полиглот»

IV – «Дода»

«Бәйге» сайысында барлық сайыскерлер «Kahoot» әдісі арқылы 10 сұраққа жауап беріп, Мұғал Айнұр 60 ұпай жинап алға шықты.

«Жорға»кезеңі бойынша сайыскер ледэкран арқылы «Ғажайап дөңгелекті» айналдырып, тоқтаған кезде берілген сұраққа жауап беріп, әр сайыскерге төрт сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Тұрдыбек Жасмин ойыннан шығып қалды.

«Полиглот» кезеңінде жұмбақтардың шешуін үш тілге аударып жауап беріп, аз ұпай жинаған қатысушы Дәулетқан Динара келесі кезеңге өте алмады.

«Дода» кезеңі бойынша әр сайыскер бір минут арасында берілген он бес сұраққа сұраққа жауап беріп, ең көп жауап берген қатысушы Мұғал Айнұр «Оқу залының лидері» атанды.

Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ең көп жинаған ұпай сандарын жариялап,ең көп ұпай жинаған «Оқу залының лидері» атанған Мұғал Айнұрға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.