Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Шуақты шаңырақ» жобасы

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхана жанынан құрылған «Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» тақырыбында кітапхананың зейнеткер оқырмандар арасында ақ дастархан басында қонақжай кеші өтті.

Шақырылған қонақтар: Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету және сауықтыру бөлімінің меңгерушісі, салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Капарбекова Жұлдыз Амангелдіқызы, «Ауруларды өзі басқару бағдарламасының» дәрігері Темиралиева Салтанат Қалмахамбетқызы, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мейірбикесі Абзалбекова Айгүл Мейрамбекқызы, «Ауруларды өзі басқару бағдарламасының» мейірбикесі Жанысбай Айгерім Қадірбекқызы.

Мақсаты:Егде жастағы зейнеткер ауыл тұрғындарына қолдау көрсету, пікірлерін тыңдай отырып, дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейту. Аға ұрпақтың денсаулығын нығайту, жылулық сыйлап, өмірлік белсенділіктерін арттыру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге бағдар беру.

Қонақжай кешін «Шуақты шаңырақ» жобасының жетекшісі Қ.Асхатаева жүргізіп, жобаның мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтті.

«Салауатты өмір- заман талабы» тақырыбында баяндамасын оқи отырып, көпшілікке денсаулығын сақтау мен нығайту жобаның басты мақсаттарының бірі екендігін нақтылап айтып, кешке арнайы шақырылған қонақтарды көпшілікке таныстырды.

Қонақжай кешінде жиналған қауымға дұрыс тамақтанудың негізгі ережелері бойынша кеңестер беріліп, көпшіліктің тарапынан қойылған сауалдарға дәрігерлер тұщымды жауаптар қатып, ауыл ішінде «Салауатты мектеп» және Ащыбұлақ ауылында «Салауатты ауыл» атты жобалары іске асырылып жатқанын тілге тиек етті.

Мейірбикелер жиналған қауымның қан қысымдарын өлшеп, емханаға келіп тексерістен жылына 2 мәрте өтіп тұру керектігін айтты.

Іс-шарада «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кітап көрмесіне қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады.

«Денсаулық-зор байлық» тақырыбында слайд көрсетілді. «Дұрыс тамақтану» видеоролик көпшілік назарына ұсынылды.

Кеш соңында «Шуақты шаңырақ» жобасының жұмыстарына жиналған қауым тілектерін айтып, Сәрсенбай ақсақал бата берді.