21 ақпан – Халықаралық Ана тілі күніне орай "Ана тілім- ажарым асыл мұрам!" тақырыбында мерекелік кеш Бауыржан Момышұлы мектеп- гимназиясы білім алушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты : Оқырмандардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілдерін құрметтеуге және қадірін білуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында кітапханашы Л.Есмұрзаева кіріспе сөзбен ашып, жоспармен таныстырды. Іс- шара жоспары 6 бөлімнен тұрады
1 . Кіріспе
2 . Додекаэдр әдісі (тренинг)
3 . «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
4 . «Сөз асылы – мақал»
5 . «Сен білесің бе?» сұрақ – жауап .
6 . «Тапқыр болсаң, тауып көр!»
2-бөлім. Додекаэдр әдісі (тренинг)
Додекаэдр әдісі - психологиялық дайындық жүргізуде қолдануға болатын таптырмас әдіс. Оқырмандар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру және адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолданылды.
3- бөлім «Сөз тапқанға қолқа жоқ» Екі топқа бөлінді.
Оқырмандар жасырылған әріптерді алды . Қай әріп түссе , сол әріптен басталатын сөзбен сұрақтарға жауап берді .
4- бөлім «Сөз асылы – мақал» (суреттер бойынша мақалдарды айтты)
5- бөлім «Сен білесің бе?» сұрақ – жауап. Әр топқа 15 сұрақтан қойылды да тез жауабын айтты.
6- бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр! » ақын жазушылардың шығармаларынан үзінді оқылды, оқушылар атын, авторын айтты.
Қорыта айтқанда, Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына, қазақ тілінің мәртебесін көтеру- бүгінгі ұрпақтың басты парызы екенін мақсат еткен іс- шара өте қызықты әрі тартысты өтті.
{gallery}55/9/gallery}