Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

ІІ Республикалық аудандық «Шәкәрім оқулары» байқау

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Адал ас» өндірістік компаниясының қолдауымен «Астана қаласындағы ҚР - ның Ұлттық академиялық кітапханасы» ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауын жариялап, ережесін ұсынған болатын. Байқау аясында қатысушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының 20 өлеңін жатқа мәнерлеп айту ұсынылды. Осы Республикалық байқауға жеңімпазды анықтау үшін 5 - 8 сынып білім алушылары арасында аудандық байқау өтті.
Мақсаты: Ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау. Қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу.
Байқауға 8 үміткер қатысты: Өрнек ауылы Бейсенбек Тайшапұлы атындағы орта мектебінің 6 - сынып білім алушысы Ауданбек Ұлан Фархатұлы, Қаракемер ауылы Төле би орта мектебінің 7 сынып оқушысы Елдосқызы Жадыра, Айша бибі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жамалбек Мерей Бахтиярқызы, Тараз қаласы №11 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Косалиева Лунара, Тоғызтарау ауылы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушысы Бахрам Ясина, Ш.Ниязбеков ауылы Әзімбек Ысмайылұлы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Төрехан Еркежан, Ш.Ниязбеков ауылы Әзімбек Ысмайылұлы орта мектебінің 5 «А» сынып оқушысы Елбосын Аяна, Ш.Ниязбеков ауылы Әзімбек Ысмайылұлы орта мектебінің 6 «А» сынып оқушысы Әбірбек Нұрайлым.
Әділқазылар: Ардагер журналист Сансызбай Бертайұлы, Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қуанышқызы, Шұғыла - Радуга газетінің тілшісі Нұрперзент Туғанбай қатысушылардың өлеңді таңдау, оқу шеберлігіне аса мән беріп жеңімпазды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша Айша бибі орта мектебінің 8 сынып оқушысы Жамалбек Мерей Бахтиярқызы топ ішінен бірінші орын иеленіп облыстық байқауда бағын сынайтын болды.