«Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Сазды әуен» karaoke зейнеткер оқырмандар арасында өтті.
Мақсаты: Әнсүйер аға буын мен жастар арасындағы сабақтастықты нығайту, жалпы ән әлеміне саяхат жасау,сазды әуенге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Іс-шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева «Сиқырлы әуендер» тақырыбында кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсаты мен бағыттарын баяндап өтті.
«Ән- көңілдің ажары» негізгі бөлімде жиналған қауым ән әлемімізге жарық жұлдыздай сәуле шашқан вальс королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне шолу жасап, Шәмшінің әндерінен «Ақ бантик», «Қайықта», «Өмір өзен», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең» және Әсет Бейсеуовтің «Мұңайма» және «Әке туралы жыр», М.Шаханов пен Н.Тілендиевтің «Куә бол», Досмұқасан әндері «Сұлу қыз», «Аягөз», «Армандастар- құрдастар», «Атамекен» тағы сол сияқты әндерді караоке арқылы орындады. Іс-шараға арнайы жасақталған «Әсем саз жүректен-жүрекке» атты кітап көрмесі, «Сағындырған әндер-ай!» слайд көпшілік назарына ұсынылды.
Нәтижесінде: «Шуақты шаңырақ» жобасы аясында «Сазды әуен» karaokeсі жоғары деңгейде өтіп, зейнеткерлер көтеріңкі көңіл- күймен ән салып, тыныстары ашылып, денсаулықтары біршама жақсаруына әсер етті.
Кітап көрмесіне 33 әдебиеттер қойылып, барлығы түгел қаралып, 2 дана кітап қолға жаздырып алды.
Нәтижесінде 15 адам қатысты.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/362-shua-ty-sha-yra-zhobasy-2.html#sigFreeIdfc2868f8dc