Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Оқитын ұлт» жобасы аясында қазақтың ақиық ақыны Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай «Ілияс оқулары» аудандық мәнерлеп оқу байқауы

10.04.2024 ж. Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында қазақтың ақиық ақыны Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай «Ілияс оқулары» аудандық мәнерлеп оқу байқауы өтті.

Мақсаты: Қазақ әдебиетінің талантты ақыны Ілияс Жансүгіровтің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Байқаудың шымылдырығын кітапхана қызметкерлері Уркумбаева Айгерім мен Замира Хожамкулованың орындауында «Алғыс» әнімен ашылды.

Байқауды аудандық орталық кітапхана кітапханашылары Қ.Асхатаева мен А.Құрымбаева жүргізіп отырды.

Байқауға төрелік жасаған әділқазылар алқасы Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, қоғам белсендісі Сансызбай Бертайұлы, Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Байкеева Самал Оңғарбайқызы, аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Тулепбергенова Шолпан Сайрамбекқызы.

Аудан және ауылдық кітапханалар оқырмандары бойынша 9 үміткер сынға түсті. Олар: Нүркенқызы Әдемі, Жаңабек Бақкелді, Төребек Нұрым, Амантай Анель, Есеналы Сұлтан, Хасым Айсұлу, Құрбанбаева Жанар, Бектай Нұрай, Молдахан Құралай өзара додаға түсті. Қатысушылар бағдарлама бойынша 3 кезең бойынша бақтарын сынады.

І кезең: «Талаптың мініп тұлпарын..» Таныстыру. (3 минут)

ІІ кезең: «Поэзия Құлагері» Ақынның поэмаларынан немесе өлеңдерінен

1 өлеңін мәнерлеп жатқа оқиды.(5 минут)

ІІІ кезең: «Зерделі ойға зер сал!» талапкер Ілияс Жансүгіровтің прозалық шығармасы және қазақ әдебиеті негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.(2 минут)

Аудандық «Ілияс оқуы» мәнерлеп оқу байқауы өз деңгейінде өтіп, әділ- қазылардың әділдігімен қорытындыланды. Әділ қазылардың шешімімен Бас жүлде- аудандық орталық кітапхананың оқырманы Жаңабек Бақкелдіге бұйырды, І орынды Шәкен Ниязбеков ауылдық кітапханасының оқырманы Нүркенқызы Әдемі жеңіп алса, ІІ орынды Бірлесу-Еңбек ауылдық кітапханасының оқырманы Есеналы Сұлтан қанжығасына байласа, ІІІ орынды Қаракемер ауылдық кітапханасының оқырманы Амантай Анель жеңіп алды. Жеңімпаздар Дипломдар мен жүлделі сыйлықтармен, ал қалған үміткерлер мен жетекшілік еткен кітапханашылар Алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Байқауда Шайдана ауылдық кітапханашысы Байболова Гүлмираның орындауында «Жаңа күн», «Атамекен», «Жалын кешкен» әндері шырқалды. Сондай-ақ, Жаңабек Бақкелдінің орындауында Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» және Бертай Нұрайдың орындауында Сәкен Тұрысбековтің «Ақ жауын» күйлері тарту етілді. Іс-шараға «Көркем сөздің зергері» атты кітап көрмесіне кітапханашы Қ.Асхатаева шолу жасады.

Нәтижесінде: Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасай отырып, шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып, поэзияны сүюге, тілдік қорларын дамыта отырып, еңбектерінің маңыздылығы көпшілікке таныстырылды. Байқауға 85 адам қамтылды.