Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Туған жердің түлегі» атты портрет кеші
Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдиевтің туғанына 85 жыл толуына орай «Туған жердің түлегі» атты портрет кеші №1 орта мектебінің 8 - сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарынан бастап, күні бүгінге дейін мемлекет мұраты, ұлт мәселесі бойынша аянбай еңбек еткен Өмірбек Багелдиевтің өмір жолы мен қызметін таныстыра отырып, жастарға үлгі-өнеге ету. Шақырған қонақтар: Ерназар ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Төлепберген Үрістембеков, Байгелдиев атамыздың көзін көрген туысы Айдапкелов Өмірзақ Ақбердіұлы, Аса ауылдық Билер кеңесінің төрағасы Жарасов Тойшыбек, аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі Пірімқұлов Сембек қатысты. Іс – шараны оқу залының кітапханашысы Нурипа Манабаева жүргізді. Портрет кешін «Тұлға» атты Өмірбек атаның өз даусында жазылған «Ақша батыр» ұрпағынан екенін білдіретін роликтер көпшілік назарына ұсынылды. Оқу залының кітапханашысы Ләйлә Есмурзаева еңбек және өмір жолымен таныстырды. Төлепберген ата қоғам қайраткері туралы деректермен бөлісіп, әнін де, сөзін де өзі жазған арнауын «Мақтаныш есіміңіз» атты әнін домбырамен, «Ақша батыр» атты әнін баянмен орындап берді. Өмірзақ ағамыз да өзін көрмесе де ол кісі туралы көп білетінін, жас ұрпақ үлгі тұтатындай Құрметті азамат екені туралы айтып берді. Тойшыбек ата мен Сембек аға да өз естеліктерімен бөлісіп, болашақ жастардың қолында сондықтан аянбай еңбек етуге, көп кітап оқуға шақырды.