Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының акт залында Республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері, «Жарық» фестивалінің дипломанты, өлеңдері республикалық жас ақындардың антологиясына енген жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» атты кітап бенефисі өтті. Мақсаты: Аудан тұрғындарын жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы өз халқына, ана тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Іс - шара «Салбұрын» тобының орындауында "Аман ба, халқым!" әнімен ашылды. Кітап бенефисін аудандық орталық кітапхананың әдіскері Сүлейменова Гүлбағира жүргізіп, қонақтармен таныстырды. Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы - Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, қоғам белсендісі, Момынжанова Клара - Еңбек ауылы, Еңбек орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анарбай Тұрсынхан Серікханұлы - Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қатысты. Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» кітабынан кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқып берді және «Элегия» өлеңінің аудиожазылымы композициямен тыңдалды. Кеш қонақтары Сансызбай Бертайұлы Қуаныш Ауғанбаевтың жаңа кітабының шығу тарихына тоқталса, Анарбай Тұрсынхан жырларына талдау жасады. Момынжанова Клара Қуаныштың балалық шағы мен шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.Іс - шарада аудандық мәдениет үйінің әншісі Нұргүл Бекқұлиева «Жолыққан қандай жақсы», кітапханашылардың орындауында «Алғыс» атты әндер шырқалды. Сондай - ақ, оқу залының кітапханашысы Манабаева Нурипа Қуаныш Ауғанбаевтың «Құс көзіндегі сағыныш» кітабына библиографиялық шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/366-s-k-zindegi-sa-ynysh-kitap-benefisi.html#sigFreeId99cb69100b