Қазақ әдебиеті сатира жанрының негізін қалаушылардың бірі, сатирик ақын, қоғам-қайраткері Шона Смаханұлына биыл 100 жыл толуына орай «Шоқ тілді Шона» атты онлайн кітап көрмесі Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ әдебиеті сатира жанрының негізін қалаушылардың бірі, сатирик ақын, қоғам-қайраткері Шона Смаханұлына биыл 100 жыл толып отыр. Осы орайда аудандық орталық кітапханада «Шоқ тілді Шона» атты онлайн кітап көрмесі ұйымдастырылып көпшілік назарына ұсынылды. Мақсаты: Ақынның өмірбаяны мен шығармаларын насихаттау. Көрмені оқу залының кітапханашысы Н.Манабаева таныстырып, ақынныңөмір жолы мен шығармалары туралы айтты. Шона Смаханұлы (1924–1988) 5 қазан Жамбыл облысы, Талас ауданындағы «Ойық» деген ауылда дүниеге келген. Анасынан ерте айрылып, балалар үйінде, интернатта тәрбиеленеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін біраз жыл ауылдық мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1957 жылдан бастап «Қазақстан мұғалімі», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде, сатиралық «Ара» журналында істеген. 1973–1983 жж. «Жазушы» баспасында редактор, кейінірек редакция меңгерушісі болған. Мысал-сықақтары 1963 жылдан бері жарияланып келеді. Бірнеше ән мәтіндерінің авторы. Орыс тілінде бірнеше кітабы жарық көрген. Қолымдағы мына кітапта Шона Смақанұлының қаламдастары, көзкөрген туыстары, дос-жарандарының шағын әңгімелері, ақын өмірінен сыр шертетін тамаша кітап. Әнші әтеш атты кітапта таңдаулы мысал –ысқақтары шымшыма- шаншымалары енгізілген. Барша оқырманды ақын шығармаларын оқуға шақырды. Нәтижесінде: 56 қаралым, 13 лүпіл
«Шоқ тілді Шона»