Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

21 МАМЫР мәдениет күні

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай орталық алаңда «Кітап-сарқылмас қазына» ақпарат күні өтті. Іс – шара барысы биылғы жылғы атаулы күндерге және өз өлкеміздің гүлденуіне үлестерін қосқан қоғам қайраткерлері, «Жаңа әдебиеттер», «Таңғажайып ертегілер еліне саяхат» жас оқырмандарға көрме ұйымдастырылып келген қонақтардың назарына ұсынылды. Биылғы жылғы Бір ел - бір кітап" акциясы аясында "Балалық шаққа саяхат" кітап көрмесі, Wordwool бағдарламасы арқылы жасалған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым қожа» атты повесі бойынша «Ғажайып алаң», «Тәтті кітап», «Тәтті викторина» әдеби ойындар оқырмандармен жүргізілді және

Мақсаты: Рухани құндылықтарымызды дәріптеп, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, кітап оқуды ілгерілету. Ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысу, кітапханамен қоғамның арасындағы байланысты нығайту. Кітапхана қорындағы кітаптарды насихаттау және оқырман тарту. Жастардың қоғамдағы өзгерістерге назарын аудара отырып, азаматтық позицияны қалыптастыру.