Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Рақмет саған Туған жер!» мерекелік кеш

Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен Туған жер жобасы аясында 1 Наурыз Алғыс айту күніне орай «Рақмет саған Туған жер!» атты мерекелік кеш Жамбыл облыстық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ - нің Жамбыл аудандық филиалы қызмет алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Жас жеткіншектерді үлкен - кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым - қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Мерекелік кеш «Шабыт» фан - фар әуенімен ашылды.

Іс - шараны жүргізген А. Уркумбаева 1 Наурыз Алғыс айту куні тарихы туралы мәлімет беріп, мерекемен құттықтады. Жамбыл аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Тулепбергенова Шолпан Сайрамбекқызы алғаш құттықтау сөзін алып, кешті ашық деп жариялады.

Орталық балалары Қосжан Аяулым, Мейрамғали Айым, Бескемпір Мағжан Алғыс туралы мәнерлеп өлеңдерін оқыса, Әділ Ерназар « Мереке», Көрпеш Мәулен мен Әділ Ерназар «Мерекем» әндерін шырқады.

Кітапхананың кішкентай оқырмандары Амангелді Раяна, Амантай Алуа қонақтарды «Испан» биімен қуантты. Кітапханашы З. Хожамкулованың орындауындағы «Ертегілер»,» Көңілді күн» әндері көрермендердің көңілінен шықты.

Кештің шырайын кіргіген Тышқан, Бақа, Күн кейіпкерлері келіп, балаларды мерекемен құттықтап, «Арам - сам - сам» әнімен биге тартты.

Сонымен қатар, оқырмандаға сергіту сәтінде, «Ребус», «Себетке доп салу» ойындары ұйымдастырылды. Кеш кітапхана қызметкерлерінің «Алғыс» әнімен аяқталды.