Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан халықтарының бірлігі, ынтымағы, достығы күніне орай «Бірлік - бақыттың бастауы» атты кездесу кеші зағип оқырмандармен өтті.
Іс - шара барысында кітапханашы А. Уркумбаева Қазақстан халықтарының бірлігі, ынтымағы, достығы туралы мәліметтер берілді. Осы тақырыпта кеш қонақтары арасында әдемі әңгіме өрбіп, мақал- мәтелдер айтылды. Бөлімнің тұрақты оқырманы Бернар Сертеков шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқырмандардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру; Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Нәтижесінде: 15 адам қамтылды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/373-birlik-ba-ytty-bastauy-kezdesu-keshi.html#sigFreeIdd531ea66a3