Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Ғарыш әлемі» атты ертеңгілік

Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен 12 сәуір Ғарыш күніне орай Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы филиалының қатысуымен «Ғарыш әлемі» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі жайлы түсінік беру, ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Ғарышкерлерге деген құрмет сезімдерін тәрбиелеу. Өз ойларын толық жеткізіп, әңгімелеу дағдыларын пысықтау

Кеш шымылдығын аудандық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ш. Тулепбергенова ашып, құттықтау сөздерін айтты. Іс - шараны жүргізген кітапханашы А. Уркумбаева оқырмандаға аспан денелері мен ғаламшарлар жайлы қысқаша мәлімет беріп, ғарышқа алғаш ұшқан Юрий Гагарин және де қазақтың ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы мәлімет ұсынды.

Сонымен қатар, әр түрлі геометриалық пішіндер беріліп, балалар зымыран құрастырып, қиялдарына ерік берді. Ғарыш әлеміне саяхат жасап, олар ол жерде көптеген ғаламшарлармен танысты. Балалардың саяхаты мәресіне жеткен сәтте, жақсы көңіл күймен оралып, алған әсерлерімен достарымен бөлісті.

Ертеңгілік «Зымыран құрастыру», «Зымыран - ұшақ» ойындарымен жалғасын тапты.

Іс - шарада балдырғандар ғарыш туралы өлең жолдарын жатқа айтып, көңілді боямақтарға кезек берді. Кітапхана қызметкері З. Хожамқулованың орындауында «Көңілді күн», «Екі жұлдыз» әндері кеш шырайын кіргізді.