Жамбыл аудандық зағип және көзі әлсіз көретін азаматтар бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» әдеби кеш зағип оқырмандармен өтті.
Мақсаты: Оқырмандарға қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың өмірі, шығармашылығы, айтыскер ақын екендігі түсіндіру.
Іс - шара барысында кітапханашы А. Уркумбаева «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» тақырыбында жыршының өмірі мен шығармашылығына шолу жасады. Тұрақты оқырмандар Г. Жанболатова, Қ. Шөпшекова аталмыш ақынға мәнерлеп арнауларын жатқа оқыды. Сонымен қатар, қонақтарды сергіту мақсатында «Әдебиет білімпаздары» викториналық ойын ұйымдастырылып, қатысушылар арасында қызу талқыланды. Кеш соңында, Жамбыл Жабаевтің 178 жылдығына орай оқырмандармен "Ғасыр - ғұмыр" атты бейнекөрсетілім тамашаланды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/378-le-s-zdi-da-yly-bar-aza-ty-zhambyly-debi-kesh.html#sigFreeId148708bae4