Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«ЖАМБЫЛДЫҚ ДАРАБОЗДАР» атты ақындармен кездесу кеші

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Еңбек ауылдық кітапхасының ұйымдастыруымен ауылдық клубында «Оқитын ұлт» республикалық ұлттық жобасы аясында, Жамбыл облысының 85 жылдығына орай, Жамбыл өңірінің өлкелік әдебиеттерін насихаттауға арналған «Жамбылдық дарабоздар» атты ақындармен кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Аудан тұрғындарын Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрген жергілікті 24 қаламгердің кітаптарын насихаттау , жергілікті жас ақындардың шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақындардың өлеңдері арқылы өз халқына, ана тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Іс-шара Жарқынбек Құдайбергеновтің орындауында "Қазақ елі!" әнімен ашылды. Кездесу кешті аудандық орталық кітапхананың әдіскері Сүлейменова Гүлбағира жүргізіп, қонақтармен таныстырды. Іс- шараға ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Әліш Нұржан, ақын, Халықаралық «Мұқағали Мақатаев» медалінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторының орынбасары Қадірәлі Нұржан, Республикалық жыр бәйгесінің бас жүлдегері, «Жарық» фестивалінің дипломанты, өлеңдері республикалық жас ақындардың антологиясына енген жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаев, ақын, журналист, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Нұрболат Аманбек қатысты.
Ақындардың жырларын кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары мәнерлеп жатқа оқып берді және «Элегия» өлеңінің аудиожазылымы композициямен тыңдалды.

Кеш қонақтары жас қаламгерлер өздерінің туындыларын оқып, қалың көпшілікті рухани сусындатты. Сонымен қатар ауданның зиялы қауым өкілдері аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшелері Күзербаев Сәрсен, Қуатов Ералы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, қоғам белсендісі Махамбетқұлов Сансызбай Бертайұлы жаңа кітартарға тоқталса, Қуаныш Ауғанбаев ақындардың жырларына талдау жасады. Көлқайнар ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Құдайбергенов Жарқынбек ақындардың шығармашылығы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Іс -шарада ауылдық клубтың үйірме жетекшісі Жемісбек Әбденбаев «Жолыққан қандай жақсы», кітапханашы Гүлмира Байболова «Жаңа күн» атты әндерді шырқады. Сондай-ақ, Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Туленова Жанат «Жамбыл қаламгерлерінің жаңа туындылары» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қуанышқызы Қалисаева ақындарымызға Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлының құттықтауын жеткізіп, қаламы қуатты, ойы шуақты болуына ақ тілегін айтып, арнайы сыйлықтарды табыс етті.

Нәтижесінде 65 адам қатысты.