Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ауылдық кітапханашылар арасында «Кітапхана – заманауи білім орталығы» атты библиография күні өтті.
Мақсаты: Кітапханалардағы ақпараттық - библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, қазіргі заман талабына сай оқырмандарға тиімді қызмет көрсету, тәжірибе алмасу.
Аудандық кітапхананың библиографы М.Кулшимбаев библиографиялық қызмет, анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету түрлері, ұсыныстық тізімдер, жаңа кітапханалық- библиографиялық және кітапханалық инновациялық технологияларды жұмыс барысында меңгеру, «библиография» ұғымы мен оның мақсаты, қызметі туралы айтты. Кітапханашының түсіндіруі арқылы оқырмандардың анықтамалық басылымдардың түрлері туралы, каталогтармен, сөздіктермен, анықтамалықтармен және энциклопедиялармен жұмыс істеудің ұтымды тәсілі туралы айтып өтті.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/381-kitapkhana-zamanaui-bilim-ortaly-y-bibliografiya-k-ni.html#sigFreeIdffb80aac33