Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап шеруі

Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» атты кітап шеруі өтті.

Аудандық кітапханашылар қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың "Күз", "Қыс", "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңдерін оқып, "Желсіз түнде жарық ай" әнін бірге шырқады.

Аса ауылы Абай атындағы көшемен жүріп өтіп, Абай көшесі 28 тұрғын үйдің қабырғаларына салынған street art Абай суретінің қасында өлеңдер оқылып, ән шырқалып, кітаптар шеруі тамаша көңіл- күймен аяқталды.