Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Бір ел-бір кітап» Бердібек Соқпақбаев - туғанына 100 жыл

Аудандық орталық кітапхана оқырмандарына арналған «Оқитын ұлт» жобасы бойынша «Бір ел- бір кітап» республикалық акциясы аясында Бердібек Соқпақбаев - туғанына 100 жыл толуына орай «Менің атым Қожа» тақырыбында Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің 9 сынып шәкірттері арасында кітап талқылау кеші өтті.

Мақсаты: Жастарға «Бір ел- бір кітап» акция тарихын танытыру, жыл кітабы-2024 жазушы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен әлемге танылған әйгілі шығармасытуралы білім беру, толықтыру, өткенді еске түсіру. Жастардың ой-өрісін, қызығушылықтарын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, тәртіпке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кеш қонағы: Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Кемелбекова Айгерім Бауыржанқызы қатысты.

Кітап талқылау кешін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Қ.Асхатаева «Бір ел- бір кітап» акция тарихын баяндаудан бастау алды. Кештің негізгі бөлімінде «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында жазушының өмірдерегі, шығармашылығымен жақынырақ таныстырылып, «Балалық бейнеміздің белгісі» бөлімімен «Менің атым Қожа» кітабының сюжетін белсенді талқыланып, әр кейіпкерге жеке тоқталып, жаман мен жақсы қылықтарына талдау жасаумен жалғасын тауып, «Аквариумдағы балық» әдісі ойнатылып, сұрақтарға жауаптар қатылды.

Сонымен қатар, кешке "Бердібек Соқпақбаев - балалар әдебиетінің классигі" атты кітап көрмесін қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева таныстырып, библиографиялық шолу жасады және «Халқын сүйген қаламгер» тақырыбында слайд көпшілік назарына ұсынылды.

Нәтижесінде: Балаларға ғана сүйікті жазушы болмай, үлкендердің де есінде зор құрметпен қалған Бердібек Соқпақбаевқа арналған бір көңілді, кітап талқылау кеші болды. Ақиқатты, шындықты суреттеген дүние болмысты бала тілімен сөйлете білген Бердібек Соқпақбаев туралы оқырманға қалай жеткізіп,бала жүрегіне қалай жол салам десең де тәрбиелік тағлымы мол болашақ көшінен қалмайтын, бірге жасайтын жазушының балалық шағынан біраз мәлімет беріліп, енді өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, «Менің атым Қожа» повесі бойынша қойылған сауалдарға жауаптар айтылып, қызықты әңгімемен жалғасын тауып жатты, білмеген сұрақтарына көпшілік жауаптарын алды. Бердібек Соқпақбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі ұшан теңіз екенін айтылып, кітапханашылар тың деректерімен бөлісті.