Аудандық орталық кітапхананның ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясында Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көрікті ой, көркем тіл» атты тәтті викторина оқырмандар арасында өтті.
Мақсаты: Жастарға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; жастардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; жастарды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту
Кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А. Құрымбаева кешті жүргізіп отырды. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы көпшілікке таныстырылды. «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» бөлімінде жазушының «Менің атым қожа» шығармасынан балаларға сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге тәтті сыйлықтар берілді, сонымен қатар «Берен талант Бердібек» атты бейне ролик көпшілік назарына ұсынылды.
Кешке арнайы жасақталған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» тақырыбында кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/384-bir-el-bir-kitap-k-rikti-oj-k-rkem-til-t-tti-viktorina.html#sigFreeIdcf253d88c9