Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Отбасы- бақыт мекені»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында «Отбасы- бақыт мекені» тақырыбында өнеге кеш оқырмандар арасында ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ата - аналар мен сайысқа қатыстыра отырып баланың ата - ана өміріндегі маңызын, ата - аналардың балаларға деген тәрбиесін көрсету. Халық ауыз әдебиеті, салт - дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы – Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Өнеге кешті қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы А.Құрымбаева кіріспе сөзбен ашып, жүргізді. Кеш қонақтары: Ардақты анамыз, 10 немеренің әжесі Утешова Несіпкүл, Жас отбасы Жасымбай Айнур Дәулетбайқызы.

Іс – шара барысында қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, нақыл сөз бекер емес. Отбасы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралармен, салт – дәстүрдің сақтаушысы деп әңгімеледі. Сонымен қатар жас аналарға сұрақтар қойылып, әңгімемен жалғасын тапты.

Іс – шараға «Отбасы құт мекен» ашық қарау жасақталып, «Отбасы құндылығы – сарқылмас қазына» слайд көпшілік назарына ұсынылды. Өнге кешін кітапхананың әдіскері Сүлейменова Гүлбағира қортындылап, кеш қонақтарына кітапхана атынан сыйлықтар табыс етті. Нәтижесінде: Ата – ана өміріндегі маңызын балаларға деген тәрбиесі насихатталды. 12 оқырман қатысып, кітапханаға 1 оқырман жаңадан тіркелді.