Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде өлкетану бағыты бойынша «Туған өлкенің тарихы мен жетістіктері» жобасы аясында семинар тренинг өтті. Өлкетану жұмысы қашанда кітапханашылар жұмысының басты бағыттарының бірі болып саналады.
Мақсаты: өлкеміздегі елді мекендерді жан-жақты зерттей отырып, кітапханашылардың білім көкжиегін кеңейту.
Семинарда ОКЖ библиографы М.Кулшимбаева «Тарих-адамзат ақыл ойының қазынасы» библиографиялық құралмен таныстырып, кітапханашыларға әдістемелік кеңестер беріліп, кітапхана жұмысына байланысты әр түрлі мәселелер талқыланып, семинарға қатысушы әр маман өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар «Шежірелі туған өлкем» кітапханашылар жасаған видео роликтер талқыланды.
«Туындысы мен тағдыры ұштасқан біздің өлке» өлкетану көрмесіне шолу жасады.
https://kitaphana-asa.kz/novosti-kz/386-tu-an-lkeni-tarikhy-men-zhetistikteri-zhobasy-ayasynda-seminar-trening.html#sigFreeId3ecba86137