Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Тілім менің баға жетпес байлығым»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 5 Қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтары тілдері күніне орай «Тілім менің баға жетпес байлығым» атты мерекелік кеш Бауыржан Момышұлы мектеп- гимназиясы білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

Іс - шараны оқу залының кітапханашысы Л.Есмурзаева кіріспе сөзбен ашып, тіл мерекесімен құттықтады. Рәпілбек Айсауле Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі», Жақсылық Айару Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Балалр сонымен бірге тіл тұралы мақалдардың жалғасын тауып сыйлыққа тәттілер алды. Құдіреталы Бақнұр Құрманғазының «Балбырауын», Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлерін тартып құлақ құрышын қандырып,бойға шабыт сыйлады. Ән көңілдің ажары құлақтан кіріп, бойды алған демекші Аңдақұл Зейнептің «Отан», Марат Назнұрдың «Ұстаздар» әндерін орындады. Додекаэдр әдісі - психологиялық дайындық жүргізуде қолдануға болатын таптырмас әдіс. Оқырмандар бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас қалыптастыру және адамгершілік қасиетін дамыту мақсатында қолданылды.

Қорыта айтқанда,тіл жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына, қазақ тілінің мәртебесін көтеру- бүгінгі ұрпақтың басты парызы екенін мақсат еткен іс- шара өте қызықты әрі тартысты өтті.

Сондай-ақ, «Тіл-ұлттың тірегі» ашық қарауға библиографиялық шолу жасады.

Нәтижесінде: 25 оқушы қатысып, 5 оқырман жаңадан тіркелді.