15.05.2024ж Айшабибі ауылдық кітапханасы мен жастар ісі жөніндегі кеңесшісінің ұйымдастыруымен Қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған аудан оқырмандары арасында «Үш бәйтерек- үш діңгек» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Мақсаты: Өскелең ұрпақты халық поэзиясына, рухани мұрамызға деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқырмандарға ұғындыру, азаматтық тұлғасын таныту. ауызша сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға баулу.
Байқауды Айшабибі ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ж.Абиева мен жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Н.Құрманов жүргізіп отырды.
Байқауға төрелік жасаған әділқазылар алқапсы Жамбыл ауданы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері Сүлейменова Гүлбағира Садырқызы,Шұғыла газетінің тілшісі Асанов Жәнібек, Жамбыл атындағы руханият орталығының жас қызметкері Апбасов Дидар Оңғарбекұлы.
Ауылдық кітапханалар оқырмандар арасында 13-15 жас аралығындағы 13 үміткер сынға түсті,Олар Жанабек Бақкелді, Нұрбай Балнұр, Кенжегулова Фариза, Жамалбек Мерей,Сабыралы Адина, Жамалбек Мирас, Бақытұлы Жанболат, Қайсарқызы Айару, Нүркенқызы Әдемі, Төлеген Дана, Сансызбай Еділ, Андабай Айғаным өзара додаға түсті.
Қатысушылар бағдарламаға сәйкес 2 кезең бойынша бақтарын сынады
І – кезең «Үш бәйтерек- үш діңгек» Қаламгерлердің шығармалырынан
1 поэзиясын немесе прозасын мәнерлеп жатқа оқиды.(5 минут)
ІІ кезең: «Кім тапқыр?» талапкерлер Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы, қазақ әдебиті негізінде әзірленген сұрақтарға жауап беру тапсырылады.(2 минут)
Қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған аудан оқырмандары арасында «Үш бәйтерек- үш діңгек» мәнерлеп оқу байқауы өз деңгейінде өтіп, әділ- қазылардың әділдігімен қорытындыланды Әділ қазылардың шешімімен Бас жүлде- Ш.Ниязбеков ауылдық кітапхана оқырманы Төлеген Данаға бұйырды, І орынды- Өрнек ауылдық кітапхана оқырманы Сабыралы Адина жеңіп алса, ІІ орынды Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы Жамалбек Мерей қанжығасына байласа, ІІІ орынды Айшабибі ауылдық кітапханасының оқырманы Қайсарқызы Айару және Шайдана ауылдық кітапхананың оқырманы Жанболат Бақытұлы жеңіп алды. Жеңімпаздар Дипломдар мен жүлделі сыйлықтармен, ал қалған үміткерлер мен жетекшілік еткен кітапханашылар Алғыс хаттармен марапатталды Нәтижесінде: Қазақтың үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылық жолына шолу жасай отырып, шығармаларын мәнерлеп жатқа айтып, поэзияны сүюге, тілдік қорларын дамыта отырып, еңбектерінің маңыздылығы көпшілікке таныстырылды. Байқауға 97 адам қамтылды.