Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Оқу залының лидері»

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқу залының лидері» интеллектуалдық сайысының ІІІ –кезеңі Юрий Гагарин атындығы мектеп-лицейінің 10- сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқушыларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері: АБЖК меңгерушісі Ш.Төлепбергенова, Аудандық орталық кітапхананың кітапханашысы С.Иманалиева, Юрий Гагарин мектеп-лицейінің мұғалімі және сайыста бақ сынайтын үміткерлер: Амангелді Шыңғыс, Мұратбек Самарат, Сүйінбек Аяжан, Тұрдыбек Пайызхан Аяжан таныстырды.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды.
I – «Бәйге»
ІІ – «Дода»
IIІ – «Жорға»
IV – «Полиглот»

«Бәйге» кезеңі бойынша әр сайыскер бір минут арасында берілген сұраққа сұраққа жауап беріп, ең көп жауап берген қатысушы Амангелді Шығыс алға шықты.

«Дода» сайысында барлық сайыскерлер «Kahoot» әдісі арқылы сұраққа жауап беріп, көп ұпай жинаған Пайызхан Ғазиза «Бәйге» кезеңінің ұпай санын қоса есептегенде ұпайы аз болып, үшінге кезеңге өте алмады.

«Жорға»кезеңі бойынша сайыскер ледэкран арқылы «Ғажайап дөңгелекті» айналдырып, тоқтаған кезде берілген сұраққа жауап беріп, әр сайыскерге төрт сұрақтан қойылды. Ең төменгі ұпай жинаған Сүйінбек Аяжан ойыннан шығып қалды.

«Полиглот» кезеңінде жұмбақтардың шешуін үш тілге аударып жауап беріп, көп ұпай жинаған қатысушы Амангелді Шыңғыс алға шықты.

Қорыта келгенде, қазылар алқасы қатысушылардың ұпайын есептеп, ұпай сандарын жариялап, жылдамдық пен білімділігін көрсеткен Амангелді Шыңғыс «Оқу залының лидері» атанды. Жеңімпазға арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға ынталандыру сыйлықтары тапсырылды. Нәтижесінде 26 адам қатысып, 5 жаңа оқырман тіркелді.