Жамбыл аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Туған өлкенің тарихы» өлкетану жобасының келесі кейіпкері Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Құрметті ардагері және Құрметті азаматы «ҚР Білім беру ісінің үздігі», Райкүл Омарова.
Райкүл апа сұхбат кезінде біраз жайттарды еске түсіріп, қызмет атқарған өзімен үзеңгілес біраз әріптестері Тәжібаев Маден, Келгенбай Шалқаров,Молдақұлов Жорабай, Аушенова Үміт,Зекеш Нұғманова,Амангелді Қоңырбаев,Жетен Бөрібеков,Асият Қоржықова, Айша Ниязбекова, Алипбаев Мәдібек, Бақтыбаев Төлеген, Ойықбаев Абдулла,Темірханов Шынтас, Диханбаева Күльзия, Досхожаева Ұлтуар,Ермекбаев Кемел,Телеуов Дешебай, Қожабеков Сатыпалды, Махашев Сейдахмет ,Сәдібеков Үшкемпір, Сапарбеков Алтынхандарды ұмытпауым керек деп, тебірене еске алды.
Мен бағы жанған Ұстаз болдым, бақытты Ұстаз болып қалдым. Менен тәлім-тәрбие алған шәкірттерім барлық салада тер төгіп қызмет атқаруда деп, бір шумақ өлең жолымен сұхбатты аяқтады.
Нағыз ұстаз да тұман талант болса,Ғафу Қайырбеков айтқандай:
Ұстаз болу сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу жүректің батырлығы.
Ұстаз болу мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
#Жамбылоблысына85жыл
#өлкетану