Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Кітапханашының өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениеті» коучингі

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ауылдық кітапханашылар арасында «Кітапханашының өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениеті» коучингі өтті. Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, жоғары дәрежелі психолог Адилова Р.А «Сөйлеу мәдениеті» тренингті 5 топқа бөліп жүргізді «Жетілгендер», «Бақыттылар», «Табыстылар», «Ізденушілер» «Дамығандар». Сондай - ақ, Владимир Дубковский Валерия Дубковскаяның «Жан дүниесіне арналған балшырын» кітабын кітапханаға сыйға тартты. Сонымен қатар Жасөркен, Қызылқайнар ауылдық кітапханашылары 8-айлық есептерін тапсырды. Орталық кітапхананың әдіскері Адилова Аякөз Сембекқызы істер тізбесі аясында (желілік кесте, іс-шаралар мәліметі хаттамалар) ой бөлісіп, кітапханашылармен пікір алмасты.