Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Қазыналы құтты мекен-Жамбылым» biblio travel

26.09.2024 жылы Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Жамбыл облысының 85 жылдығына орай Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған «Туы биік, тұғыры берік - Жамбыл елі» облыстық байқауына, туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетін дәріптеуге бағытталған «Қазыналы құтты мекен - Жамбылым» атты biblio travel іс-шарасы өтті. Мақсаты: Өлкетану жұмысында заманауи әдістерді пайдалану арқылы өңір тарихын мен тынысын жас ұрпаққа дәріптеу және санасына туған өлкесіне деген құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, ұлттық рухты қалыптастыр.

Кеш қонақтары: Шоқан Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Битенова Үміт Қыранқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, жазушы, журналист Әбдиев Ерман Қанжанұлы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Оспанова Жансая Жолтайқызы қатысты.

Кеш шымылдығын Гүлмира Байболова «Атамекен» әнімен ашты. Іс-шара барысында Жамбыл облысының, Жамбыл ауданының тарихы (бейнеролик) көрсетілді. Айшабибі композициясын кітапхана қызметкерлерінің орындауында көрініс ұсынылды. Кітапхана оқырманы Төленді Жалғас «Туған жер» әнін орындады. Жасанды интеллект арқылы Жамбыл ауданында орналасқан ескерткіштердің таныстырылымы ұсынылды. Сағи Мұздыбаевтың сөзіне жазылған «Ұшқан Ұя» әнін кітапхана қызметкерлері орындады, іс шарада жергілікті ақын С.Әлімқұловтың "Сәлем саған ауылым" Файзулла Айару орындаса Ешназар Гүлдария, Төленді Жалғас, Сұлтан Қалиевтың өлең жолдарын орындады. Жергілікті ақын Назаралы Асел өзінің туындысындағы «Таразым-киелі өлкем» жыр жолдарын ұсынды.

Кеш барысында жергілікті ақын Қуаныш Ауғанбаевтың өлең жолдарын Айшабибі орта мектебінен Айдаралы Анель, кітапханашы Уркумбаева Айгерім орындады.

Кеш соңында Айшабибі ауылының тумасы, "Аққауырсын" әдеби клубының мүшесі, жыр байқауларының жүлдегері, жас ақын қызымыз Жамалбек Мерей Бахтиярқызының «Мерейлі өмір» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Тұсаукесерде кеш қонақтары Жамалбек Мерейге ақ батасын беріп, қаламың шыңдала берсін деп Үміт Қыранқызы, Ерман Қанжанұлы, Эльмира Елеусізқызы сәттілік тіледі Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Махпал Сатыбалдықызы жас ақын қызға сәттілік тілеп, сый сыйапат табыстады. Осы кештің сыйы ретінде Жамалбек Мерей өзінің туындысынан жыр жолдарын арнады. Іс-шара кітапхана қызметкерлерінің «Алғыс» әнімен аяқталды. Нәтижесінде іс-шараға -155 адам қатысты.