Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Мен, әкем және анам, отбасымыз оқырман!» аудандық отбасылық оқырман байқауы

«Оқитын ұлт» жобасы аясында «Мен, әкем және анам, отбасымыз оқырман!» тақырыбында аудандық отбасылық оқырман байқауы өтті.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтары мен отбасының беделін көтеру, өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу, ата-аналарын құрметтеу, кітапханаға оқырман тарту.
Іс – шара «Ақ кербез» би тобының орындауында «Ер тұран» биімен ашылды. (Жетекшісі:Тилепова Ақбота Жұқашқызы) Байқаудың әділ қазылар алқасы Жамбыл аудандық Билер кеңесінің төрағасы –Саршаев Батырбек Бақытбайұлы, Қоғам белсендісі – Махамбеткулов Сансызбай Бертайұлы, Балалар мен жаөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Төлепбергенова Шолпан Сайрамбекқызы қатысты. Байқауға алты отбасы қатысты. Олар: Шайқорық ауылынан Құрбанбаевтар отбасы , Ерназар ауылынан Әліпбаевтар отбасы, Бірлесу –Еңбек ауылынан Талғатовтар отбасы, Шоқай ауылынан Жұмабековтар отбасы, Жалпақтөбе ауылынан Бекбаевтар отбасы, Бектөбе ауылынан Ташимбетовтар отбасы додаға түсті. Байқау үш бөлімді қамтыды.
- «Біз өнерлі отбасы» өз өнерлерін көрсету (ән, би, қол өнер) (3 мин). - «Отбасымыздың сүйікті кітабы» сахналық көрініс (5-7 мин) (отбасымен бірге оқыған сүйікті кітаптарынан 5-7 минуттық көрініс ) - «Білімнің - көзі кітапта» сұрақ-жауап кезеңі.
Қатысушылар осы аталған бөлімдер бойынша сынға түсті. Тағылымы мол іс-шараны Саршаев Батырбек Бақытбайұлы қорытындылап, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жансая Оспанова мен аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Аида Қалисаева марапаттады.
Нәтижесінде Бас жүлде- Әліпбаевтар отбасы, І-орын Талғатовтар отбасы, ІІ-отбасы Жұмабековтар отбасы, ІІІ-орын Бекбаевтар отбасы иеленіп, Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Әділ қазылардың шешімімен ынталандыру сыйлығымен Ташимбетовтер және Құрбанбаевтар отбасылары марапатталып, Алғыс хат пен сыйлықтар табысталды. Байқау барысында кітапхана қызметкерлері Г.Байболова мен С.Әріпжанова «Елге сәлем», «Бақытты әйел», «Әдемі- ау», «Қыз сыны» әндерін орындап, тамаша кештің сәнін келтірді.