Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Туған өлкем -Айшабибі» biblio kaleidoscope

19.11.2024 жылы Айшабибі ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының “Өлкелік туризм- кітапхана жұмысының инновациялық” жобасы аясында “Туған жерім- Айшабибі” biblio kaleidoscope өтті.

Мақсаты: Кітапханалық қызметті жаңғырта отырып,оқырмандарға кітапты оқуды насихаттау,кітапхана мен оқырман арасында тығыз байланыс орната отырып,туған өлкеміздің өткені мен бүгінгі тарихын жас ұрпақтарымызға таныстыру.

Туған өлкенің тарихы мен мәдениетін зерттеу,ұлттық салт- дәстүрді , ана тілін жаңғырту. Отанға өз өлкесіне, тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру; патриоттық сезімді қалыптастыру; ауылдың біртуар перзенттері жайлы және олардың еңбектерін зерттеу.

Іс шараға Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы, Жамбыл аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қалисаева Аида Қуанышқызы ауыл тұрғындары, кітапханашылар, ауыл жастары қатысты.

Іс шара барысында «Балауса» би тобының бишілерінің «қазақ» биімен ашылып, Айшабибі ауылының тарихы, Киелі жер-Әулиебастау қалашығының бейне көрсетілім ұсынылды.

Кеш барысынды Облыстық Республикалық айтыстардың жүлдегері «Аққауырсын поэзия қызығушылық клубының мүшесі Елібек Нұрмағамбетовтың, орындауында «Айшабибі» арнауын арнап, «Айшабибі» композициясы биін «Мөлдір» бишілер тобы орындады. Келесі кезекте «Аққауырысын» поэзия клубының мүшелері Берік Айша, Жамалбек Мирас, Жамалбек Мерей өз арнауларын оқыды, Раймбек Мерейхан, Ерасыл Әбдібек және Жамалбек Мереймен жергілікті жас ақындарымыз (Бейне көрсетілім көрсетілді).

Қасиетті Айшабибі ауылының топырағынан қанат қаққан қырандар бүгінде ел сенімін ақтауда. Осы орайда Қазақ көкпарына өлшеусіз үлес қосқан Момынов Нұрдәулет Набиұлымен, Айбек Оралбай, Нұрбек Оралбай, Асыл Елдос «Әулие -ата» Көкпар кәсіпқой клубының спротшысы, Темірбек Саян Алтынбекұлы (бейне көрсетілім) көрсетілді. Кеш соңында Мұқасан Қалдардың орындауында «Отан» әнімен аяқталды.