Жамбыл облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ

«Оқу залының лидері» интеллектуалдық сайысы

Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Оқу залының лидері» интеллектуалдық сайысы №1 орта мектебінің 10- сынып білім алушыларының қатысуымен өтті.

Мақсаты: Оқырмандарды білімді, жан - жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Іс- шара барысында Н.Манабаева кіріспе сөзбен ашып, жобаның мақсатын, күтілетін нәтижесі және сайыс шартымен таныстырды. Оқырмандарға әділ қазы мүшелері Аудандық орталық кітапхананың кітапханашылары Иманалиева Сандуғаш, Ақдана Құрымбаева, №1 орта мектебінің тәлімгері Мырзахан Үмітті және сайыста бақ сынайтын үміткерлер Тойлыбаева Альбина, Мамат Маншук, Кеңесбаева Жанар, Мамат Алинаны таныстырды.

Сайыс төрт бөлімнен тұрды.

I – «Бәйге»

II – «Кім жүйрік?»

III – «Ғажайып бестік»

IV – «Кім алғыр?»

«Бәйге» сайысында барлық сайыскерлерге сұрақтар қойылып, жылдам әрі көп сұраққа жауап бергендері анықталды. Келесі кезеңге төрт қатысушы да өтті.

«Жорға» кезеңі бойынша сайыскер ледэкран арқылы «Ғажайап дөңгелекті» айналдырып, тоқтаған кезде берілген сұраққа жауап беріп, әр сайыскерге екі сұрақтан қойылды. Бірінші кезең ұпай санымен қоса есептегенде ең төменгі ұпай жинаған Мамат Алина ойыннан шығып қалды.

«Ғажайып бестік» кезеңінде 5 пән бойынша сұрақтар берілді. Қатысушылар пәнді таңдау өз еріктерінде. Берілген 4 сұрақтың әр сұрағы он ұпаймен есептеліп, Мамат Маншук 30 ұпай жинап келесі кезеңге өте алмай қалды.

«Кім алғыр» кезеңі бойынша екі сайыскерге слайд арқылы 16 кітаптың суреті көрсетіліп, қанша кітапты есіне сақтап, жылдам әрі көп кітап атаған сайыскер жеңімпаз атанды.

Қорыта келгенде, ең көп ұпай жинаған «Оқу залының лидері» атанған Тойлыбаева Альбина арнайы жүлделі сыйлық және қалған ойыншыларға да Алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары тапсырылды.

Нәтижесінде: 26 адам қатысып, 4 жаңа оқырман тіркелді.